Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күні пайда болмақ — саясаттанушы

Фото: Gov.kz

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Қазақстанда Конституция күні өзгеруі мүмкін деген пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол өзінің Telegram-арнасында жазба жариялады.

"Конституциялық комиссияның бірқатар мүшелері негізгі заңға енгізілген өзгерістердің ауқымын ескере отырып, жаңа Конституция қабылдау мәселесін қарастыруды ұсынуда. Бұл, өз кезегінде, референдумның нақты қашан өтетініне және оның нәтижелері қандай болатынына байланысты жаңа Конституция күнінің пайда болуына әкелуі мүмкін", – деп жазды Әбішев.

Қазіргі таңда Қазақстанда Конституция күні жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі және ол мемлекеттік мереке ретінде демалыс күні. Дәл осы күні, 1995 жылы, республикалық референдумда елдің қолданыстағы негізгі заңы қабылданған.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Конституциясы толықтай қайта жазылып, 84% өзгеріс енгізілетінін жазған едік. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды. Жиынтық жоба білікті заңгерлер мен лингвистерден құралған жұмыс топтарында қатар пысықталып жатыр. Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, мамандар Конституцияның нормаларын дұрыс жазу, мағыналық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ түсініксіздіктерді болдырмау бойынша үлкен жұмыс атқарды. Алайда кейін Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Конституцияға жекелеген түзетулер енгізу жеткіліксіз және Конституцияны тұтастай өзгертуді ұсынды.

STAN.KZ
Жұма, 30 Қаңтар, 2026 13:36