Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Несие беру ерекше бақылауға алынады: Президент қазақстандықтарға несие беруді шектеуді тапсырды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке қарасты жаңа комитет құруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

"Тұтынушылық және бизнеске арналған несиелер әлі күнге дейін біраз мәселелер тудыруда. Жауапсыз азаматтарға тұтынушылық несие берудің арты әлеуметтік тұрғыда зиян келтіруде. Халықтың қаржы саласында сауаттылығының аз болуы оларға деген тұтынушылық несиені алдап алғызудың себебі болмауы керек. Сондықтан осы жылы несие алушының қаржылық мүмкіншілігін тексеру мақсатында заңнамалық тұрғыда бақылануы үшін шаралар қабылданды", - дейді мемлекет басшысы. 

Осы тұрғыда президент жаңа комитет құрудың маңыздылығына тоқталды. 

"Ұсақ қаржы ұйымдары, ломбардтар мен басқа да мекемелер мемлекеттік бақылауға енгізілді. Десек те бұл мәселе шешілді дегенді білдірмейді. Біз қаржылық-несие саясатына деген халықтың сенімін оятуымыз қажет. Сондықтан Ұлттық банк қарасты қаржылық-несиелік саясаты бойынша комитет құруды тапсырамын", - деді Тоқаев. 


Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

STAN.KZ
Сейсенбі, 01 Қыркүйек, 2020 12:10
Талқылау