Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ұшақта құқық бұзған шетел азаматтары жазаланды

Ұшақтағы құқық бұзушылықтар үшін Германия мен Литва азаматтары әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Polisia.kz

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері әуе компаниясы өкілдерінің әрекетінен кейін Алматы-Кутаиси рейсінің екі жолаушысын алып кетті.

Тексеру барысында көлік полицейлері рейске отыру кезінде ұшақтың жанында темекі шегіп отырған 20 жастағы шетелдік азаматтарды анықтады. 

Құқық бұзушылардың әрқайсысына 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Дәл осы күні елорда әуежайындағы көлік полицейлері тағы екі шетелдік құқық бұзушыны анықтады. 54 және 57 жастағы азаматтар рейс кезінде агрессивті әрекет жасап, Алматы-Астана рейсінің басқа жолаушыларына құрмет танытпаған. 



Ұсақ бұзақылық жасаған әйелдерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал қарау үшін сотқа жолданды. 

Еске сала кетейік, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.

Талқылау