Қазақстанда Wildberries қабылдау пунктінің басшылары миллиондаған теңгенің тауарын жымқырған
Фото: m2ch.hk
Ақтөбеде Wildberries тапсырыс беру пунктінің менеджерлері миллиондаған теңгенің тауарын жымқырған. Олар бағдарламадағы ақауды пайдаланып, тауарды ақысыз алу мүмкіндігін тапқан. Маркетплейс өкілінің айтуынша, менеджерлердің әрекетінен келтірілген шығын 29 миллион теңгеге бағаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
46 жастағы Ботагөз Ақтөбенің орталық даңғылында орналасқан маркетплейстің тапсырыс беру пунктінде менеджер болып істеген.
Айыптау актісіне сәйкес, ол жұмыс барысында пайдаланған "WB Point" бағдарламасынан ақауды байқаған. АБағдарламадағы ақауды пайдаланып, аса қиын емес қарапайым әрекеттер жасау арқылы кез келген тауарды ақы төлемей алуға болатын. Ботагөз ақау туралы құрбысына және осы тапсырыс беру пунктінде істейтін әріптесі Сергей К.-ге айтып берген. Осыдан кейін үшеуі бірге Wildberries-ті жүйелі түрде тонауға кіріскен.
Менеджерлер жүйеге өз логиндерімен кірген. Белгілі бір тауардың QR-кодын сканерлеп, бағдарламада әдейі қате шығатындай әрекет жасаған. Содан кейін тауарды төлемсіз өздерінің сыбайласына берген. Ол Wildberries-ке әдейі "клиент" кейпінде келіп отырған. Осылайша олар миллиондаған теңгенің тауарын заңсыз алып отырған.
Сотталушылар тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, ыдыс-аяқ, әшекей-бұйымдар, құрылыс құралдары, іш киім, жөндеу заттары, тіпті интимдік ойыншыққа дейін алған. Ұрлық 2024 жылдың тамызынан қарашасына дейін жалғасқан. Кейін маркетплейстің аналитика бөлімі жүргізген тексерісте ұрлық әшкереленіп, полицияға жүгінген. Қылмыстық іс қозғалып, екі менеджер және олардың сыбайласы ұрлық жасады деген айыппен сотқа тартылған.
Wildberries өкілі сотта тауарды беру және ақша шешу тек арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асатынын, оны тұрақты түрде жаңартып отыратынын айтты. Барлық шығын жеткізушілерге өтелгенін жеткізді. Тергеу барысында кейбір заттар тәркіленгенімен, олардың штрих-кодтары болмаған немесе пайдаланылып қойғандықтан, қайта сату мүмкіндігі тумаған. Сондықтан өкіл үш айыпталушыдан 29 миллион 295 мың теңге өтемақы талап етті.
Арабша жазуы бар Қазақстан туы Wildberries сайтында сатылымнан алынды
Айыпталушы Ботагөз сотта әріптестерімен ешқандай сөз байласу болмағанын айтты. Ол ақауды клиентке тауар берген кезде байқаған. Оның сөзінше, бағдарлама дұрыс жұмыс істеген кезде "төлеу және беру" батырмасы шыққан, ал қате болған кезде тек "беру" деген жазу шыққан. Осыдан кейін ол жұмыс берушіге хабарламай, тауарды өзі ала бастаған. Алдымен ұсақ заттардан бастап көрген. Бір SIM-карта арқылы барлық тауарды алу мүмкін болмағандықтан, ол жиі SIM-карталарын ауыстырып, фейк аккаунттар ашқан. Бірақ бұл әдіс туралы әріптесіне ештеңе айтпаған.
Екінші менеджер де сөз байласу болмағанын мәлімдеді. Ол әріптесінің клиент жоқ кезде тауарды сканерлеп жатқанын байқап, ұрлық екенін түсінген. Кейін өзі де дәл сол әдіспен бағдарламада қате жасап, тегін кроссовки алған. Ол жалпы 4 миллион теңгеге жуық тауар ұрлағанын мойындады. Көбін өзі пайдаланған, ал автодөңгелектерді сатқан. Полиция оның үйінен ұрланған заттарды жаңа күйінде тәркілеген, тек балық аулау құралдарын, терезе жуғышты, робот-шаңсорғышты және дыбыс күшейткішті қолданып үлгерген. Ол сотта шығынды өтейтінін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Үшінші айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Ол SIM-карталар сатып алып, фейк аккаунттар құрып, сол арқылы тапсырыс жасағанын айтты. Бағдарламадағы ақау жайлы оған менеджер Ботагөздің өзі айтып, тауарды төлемсіз алуды ұсынған.
Нәтижесінде үшеуіне үкім шықты.
Сот бұрынғы менеджерлер Ботагөз У. мен Сергей К.-ні 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ амнистияға байланысты олардың жазасы бір жылдан қысқартылып, орташа қауіпсіздік колониясында әрқайсысы 4 жылдан өтейтін болды. Үшінші айыпталушыға амнистия ескеріліп, 3 жыл 4 ай жаза кесілді. Алайда ол сот кезінде жүкті болғандықтан, жазасын өтеу бір жылға кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, бұған дейін "1 миллион теңге бердім": Қазақстандықтар ерлі-зайыпты блогерлерден Wildberries бойынша курс сатып алып, алданып қалғанын айтқаны туралы жазған едік.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
