Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда WhatsApp жұмысын тоқтатқаны туралы ақпарат тарады: Білім министрлігі түсіндірді

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджері жұмысын тоқтататыны туралы хабарлама таратып жатыр. Бұл ақпаратқа білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратта Қазақстандағы танымал мессенджердің "санкцияларға" байланысты "өшірілетінін" айтылған.

"Санкцияға байланысты бұдан былай WhatsApp мессенджері жұмыс істемейтіні туралы ресми ақпарат таратылды. Ертең сағат 9.00-де WhatsApp өшіріледі. Ол енді жұмыс істемейді", – делінген хабарламада.

Бұл ақпаратты білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

"Министрлік мұндай ақпаратты білім беру ұйымдарына жіберген жоқ. Біз білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтарды әлеуметтік желілерде және Білім және ғылым министрлігінің сайтында жариялаймыз", –  деді министрліктің баспасөз қызметі.



Министрлік мессенджер Қазақстанда қолжетімсіз болып қалады деуге негіз жоқ екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстанға ешқандай санкция салынбағанын айтты. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 28 Ақпан, 2022 18:37
Талқылау