Қазақстанда уақыт белдеуі өзгергеннен кейін Ресейден электр қуатын сатып алу көлемі күрт өскен
Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін Ресейден электр энергиясын сатып алу көлемі күрт өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Ресейдің Қазақстанға электр энергиясын импорттауы:
- 2022 жылы 1 наурыз бен 31 қазан аралығындағы кезеңде – 1 091,9 млн. кВт/сағ;
- 2023 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 3 742,8 млн. кВт/сағ;
- 2024 жылы 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін – 2 562,3 млн. кВт/сағ көлемінде.
Оның ішінде "KEGOC" АҚ-ның электр энергиясы ағынының нақты мемлекетаралық теңгеріміндегі ауытқулардың сағаттық көлемдерінің орнын толтыру үшін Ресейден Қазақстанға электр энергиясын сатып алуы:
- 2022 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 13 027,2 миллион теңге сомасында 522,3 млн кВт/сағ;
- 2023 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 14 939,6 миллион теңге сомасында 817,5 млн кВт/сағ;
- 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 қыркүйегі аралығында – 17 759,4 миллион теңге сомасында 884,7 млн кВт/сағ".
Осылайша, 2024 жылдың тоғыз айында (1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін) бір ғана "KEGOC" корпорациясы 2023 жылдың 10 айымен салыстырғанда (1 наурызынан 31 қазанына дейін) Ресейден 3 миллиард теңгеге жуық көп электр энергиясын сатып алған.
Корпорация мәліметінше, "KEGOC" АҚ-да Қазақстанның басқа ұйымдары Ресейден елімізге сатып алған электр энергиясының құны туралы нақты ақпарат жоқ.
Сонымен бірге "KEGOC" АҚ-ның осы кезеңдегі Қазақстанның Ресейге электр энергиясы экспорты туралы мәліметтері белгілі болды:
- 2022 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 940,2 млн кВт/сағ көлемінде;
- 2023 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 940,8 млн кВт/сағ көлемінде;
- 2024 жылы 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін – 1 104,6 млн кВт/сағ.
Оның ішінде электр энергиясы ағынының нақты мемлекетаралық теңгеріміндегі жоспардан ауытқулардың сағаттық көлемдерін өтеу үшін "KEGOC" АҚ-ның Қазақстаннан Ресейге электр энергиясын сатуы:
- 2022 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін жоспарлыдан: сомасы 7 233, 9 миллион теңгеге 912,6 млн кВт/сағ көлемінде;
- 2023 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – сомасы 5 761,2 млн теңгеге 908,5 млн кВт/сағ;
- 2024 жылы 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін – сомасы 6 741,7 млн теңгеге 1 067,7 млн кВт/сағ көлемінде.
"KEGOC" АҚ-да басқа ұйымдардың Қазақстаннан Ресейге өткізген электр энергиясының құны туралы ақпарат жоқ.
Сонымен қатар "KEGOC" АҚ-ның осы кезеңдегі Қазақстанның Орталық Азиядан электр энергиясының импорты туралы мәліметтері белгілі болды:
- 2022 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 303,3 млн кВт/сағ;
- 2023 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 64,7 млн кВт/сағ;
- 2024 жылы 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін – 199,5 млн кВт/сағ.
Соның ішінде Қырғызстан-Қазақстан учаскесінде жоспардан тыс ағындарды реттеу үшін "KEGOC" АҚ-ның Қырғызстаннан Қазақстанға электр энергиясын сатып алуы:
- 2022 жылғы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 24,96 миллион теңге сомасында 3,3 млн кВт/сағ;
- 2023 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 130,7 миллион теңге сомасында 10,3 млн кВт/сағ;
- 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 қыркүйегі аралығында – 175 миллион теңгеге 12,3 млн кВт/сағ.
KEGOC мәліметінше, елдегі басқа ұйымдардың Орталық Азиядан Қазақстанға сатып алған электр энергиясының құны туралы нақты ақпарат жоқ.
Қазақстанның Орталық Азияға электр энергиясының экспорты:
- 2022 жылы 1 наурыз бен 31 қазан аралығындағы кезеңде – 361,022 млн кВт/сағ;
- 2023 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 740,445 млн кВт/сағ;
- 2024 жылы 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін – 744,377 млн кВт/сағ.
Оның ішінде Қырғызстан-Қазақстан учаскесінде жоспардан тыс ағындарды реттеу үшін "KEGOC" АҚ-ның Қазақстаннан Қырғызстанға электр энергиясын сатуы:
- 2022 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 4,7 миллион теңге сомасында 0,629 млн кВт/сағ;
- 2023 жылы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 118,1 миллион теңге сомасында 13,141 млн кВт/сағ;
- 2024 жылы 1 наурыздан бастап 30 қыркүйекке дейін – 0,0 млн кВт/сағ.
"KEGOC" АҚ елдегі басқа ұйымдардың Қазақстаннан Орталық Азияға өткізген электр энергиясының құны туралы мәліметтер жоқ екенін хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы 21 қазанда энергетика министрінің бұйрығымен шекті тарифтерге өзгерістер енгізілген еді. Осылайша еліміздегі кей өңірлерде 1 қарашадан бастап электр энергиясының тарифтері көтерілетінін жаздық.
11 қазанда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева Алматыда электр энергиясының тарифі өзгеретінін айтты. Тұрғындар үшін бір киловатт-сағаттың бағасы 27 теңге 59 тиын болды. Бұл бұрынғыдан 8% артық.