Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталану ықтималдылығын анықтайтын сауалнама қолданылады

Астана, Алматы және Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары канадалық Odara (the Ontario Domestic Assault Risk Assessment) жүйесі бойынша сауалнамадан өтеді. Сол арқылы агрессор тарапынан мұндай мінез-құлықтың қайталану қаупі қаншалықты жоғары екенін бағалауға болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo сайтына сілтеме жасап.

Елордада ҚР ІІМ және Фридрих Эберт қорымен бірлесіп "Серіктестік – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы" халықаралық форумы өтті.

Германияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Odara қылмыстың қайталану деңгейін бағалайтын сауалнама ұсынды. Ол 13 сұрақтан тұрады.

Пилоттық жоба Астана, Алматы және Павлодарда іске қосылады. Полиция мен дағдарыс орталықтарының қызметкерлерін Германиядан келген Фридрих Эберт қорының халықаралық сарапшылары тестілеуге үйреткен, сауалнама кезінде аймақтық ерекшеліктер ескеріледі.

Жәбірленуші немесе куәгерлер полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлаған сәттен қызметкерлер сол жерге келіп, болған оқиғаны камераға түсіреді және құжат толтырады.

Зорлық-зомбылық құрбанына Odara сауалнамасы бойынша төрт сұрақ қояды, содан кейін алдын ала бағалау арқылы агрессорға қатысты шаралар қабылданады.

Қалған тоғыз сұрақ бойынша қосымша сауалнама жүргізу үшін құжат әйелдерді қорғау инспекторына жіберіледі.

"Одара сауалнамасы “тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бұрын болған ба?”, “бопсалап, қорқытты ма?” “ұрып-соғу, ыдыс-аяқ сындыру болды ма?”,”қаруы бар ма?" деген сұрақтар қойылады. Барлық фактілер ескеріліп, жинақталады. Әр "иә" деген жауапқа бір ұпай. Егер көп балл шықса, онда отбасыда қауіп жоғары", – деп түсіндірді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров.

Әрбір құқық бұзушыға қатысты оның жеке сипаттамаларын ескере отырып, әлеуметтік тренинг түріндегі іс-шаралар жоспарын құра бастайтыны атап өтілді.

Зұлқайыровтың айтуынша, қауіптер дәрежеге бөлінеді. Дәрежесіне қатысты түрлі шаралар қолданылады.

“Кішкентай қауіп болса, онда  агрессормен профилактикалық әңгіме жүргізіледі. Орташа қауіп нәтижесі бойынша агрессор  бір тәулікке ІІО-ның арнайы мекемеге қамалады. Сотқа құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар қою туралы өтініш жасалып, тұрғылықты жері бойынша апта сайын тексерістен өтеді. Агрессорға алкоголизм мен нашақорлықтан емделуге көмектеседі, ал жәбірленуші мен балаларға құқықтық қорғау, медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі”, – деді ІІМ өкілі.

Жоғары қауіп кезінде орташа қауіп кезіндегі барлық шаралар қолданылады. Бірақ тұрғылықты жері бойынша отбасын тексеру жиілігі артады.

Талқылау