Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары еңбек демалысын ала алады
Қазақстанда Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізілді. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер 30 күндік еңбек демалысына шыға алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay
"Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған уақытында жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті", – делінген құжатта.
Қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс (оның ұзақтығы көрсетілген) жазбаша өтініш пен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы келісімшарттың көшірмесін ұсыну негізінде берілетіні атап өтілген.
Түзету 2024 жылдың 16 маусымында күшіне енеді.
Еске салайық, 15 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқығын қорғап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға қол қойды. Бұған дейін заңды сенат қабылдаған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”