Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда туризм нысандары ерекше қорғалатын табиғи аймақтар құрамына қайтарылады: Сенат жаңа заң қабылдады

Парламент сенатының жалпы отырысында пайдаланылмаған туризм нысандарын ерекше қорғалатын табиғи аймақтар құрамына қайтару туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің баспасөз хатшысы: Қытай Қазақстанның жеріне көз тігіп отырған жоқ

Заң жобасы аясында табиғи ресурстарды қорғау және оларды дамыту мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар, жер кодексіне қатысты өзгертуер енгізілді.

"Қаралып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін, ерекше маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланбаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Заң жобасымен Жер кодексіне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр", - деді сенатор Әбдәлі Нұралиев.



Заң жобасы 10 қыркүйекте Сенат отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

"15 қыркүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттарынан ұсыныстар келіп түскен жоқ", - деп нақтылады депутат.

Қаралып отырған заң жобасың қабылдау арқылы аталған мәселелерді шешумен қатар, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар әрі кері қайтарылатын жер учаскелерінде орналасқан табиғи кешендерді және табиғи-қорық объектілерін сақтау, экологиялық туризмді дамыту мен табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын ұлғайту мүмкіндіктері болады деп күтілуде.

"Мемлекет басшысы өз жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму мемлекет алдында тұрған бірінші кезектегі, маңызды мәселе екенін атап өтті. Жолдауда ұлттық парктер мен басқа да табиғи ресурстарды қорғауды заңнамалық және нормативті түрде шоғырландыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты бүгін қабылданған заң қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді, соның ішінде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жерлерін оң шешуге мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы бұл мәселе бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл сұрақ бүкіл жұртшылықты алаңдатты, бүгінде ол өз шешімін тапты. Бұл заң біздің мемлекетіміздің игілігіне қызмет ететініне сенімдімін", - деді Мәулен Әшімбаев сенаттың жалпы отырысы барысында.

Талқылау