Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда туған ұлы 60 жастағы әкесіне тоқал алып берген

Қазақстандық кәсіпкер көп әйел алып, олардың 11 бала сүйіп отыр. Ал оны ең бірінші тоқалды алуға туған ұлы үгіттеген екен.

маву

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Кенішбек Сәтов есімді қазақстандық кәсіпкер тележүргізуші Бейсен Құранбекке көп әйел алу мәселесін көтеруді өзі ұсынған екен. Осы орайда, ол студияға қонаққа келіп, өзінің бәйбіше мен тоқалдары туралы айтып берді. Ал ең бірінші тоқалды оған ұлы алғызған.

“Кеңес өкіметі тұсында менің 3 шешем болған. Осы үш шешеден 17 ағайынды тудық. Дәл қазір сол заманда болсақ, бірнеше әйел алғанымыз үшін сотталып кетер едік. Кішкентай кезімде әкемнің екінші әйелін өзім үйге алып келдім. Шешем “Анау жерде әкеңнің тағы бір әйелі бар екен. Ертең соны үйге алып келейік” деді. Екеуіміз бірге оны екі баласымен үйге алып келдік. Анам ешуақытта оны жұртқа тоқал деп таныстырған емес. “Туған сіңілім” деп атайтын. Осы күнге дейін оның тоқал екенін де білмеппіз. Ал одан туған балалар менің шешемді “ана” деп, биологиялық шешелерін “апа” деді. Барлығымыз бір үйде отырып тамақ іштік.

Әкем арасында “Демалып қайтайын” деп тоқалына барып жүрді. Қалай демалатынын енді ғана түсініп жатырмыз. (Күлді.) Бір күні балама “Тағы да бір әйел алып, ұрпақты көбейтейік. Менің жасым 60-та, сен әйел алып көр” деп тиістім. Балам “Алдымен, сіз алып көріңіз. Маған қарағанда, сіздің тәжірибеңіз көп. Әйелдерді де жақсы көресіз” деп өзіме жармаса кетті. Яғни бірінші тоқалды алуыма балам түрткі болды. Қазір 10 балам бар, он біріншісі жуырда дүниеге келеді. Ал ол 11 баланың бір әйелден шығуы мүмкін емес екенін өздеріңіз біліп отырсыздар. Көп әйел алу біздің табиғатымызда бар нәрсе. Мұны өзімнің руымның шежіресінен оқып білдім. Тарихта да бір әйелмен шектелген ер азаматтар болмаған. Тоқалдан текті туады деген жақсы сөз бар”, – дейді кәсіпкер Кенішбек Сәтов.

Студияда отырған қыз-келіншектердің барлығы дерлік бұл пікірмен келіспеді. Олар мұны бірінші әйеліне жасаған опасыздыққа балады. “Менің достарымның 4-5 әйелі бар. Дәл қазір олардың аты-жөндерін атай алмаймын. Солардың осы әйелдерге қанағаттанып, үйде отырғандарын көрмеппін. Тағы қыз іздеп, арасында өзімізге жабысып жүр. Төрт әйелдің сапасы жоқ, саны бар. Бірақ олар әлгі достарым қызыққан жұмысын істеп, көшеде әдемі болып жүрген келіншектерге жетпейді”, – дейді студия қонақтарының бірі.

пи

Ал тарихшы Қайрат Дүйсенов керісінше кәсіпкерді толықтай қолдайтынын жеткізді. Десе де, осы сөздері үшін үйге кіре алмай қалуының мүмкін екендігін де жасырмады. “Бұл жерде мен тоқал алуға қарсы болып отырған Ақжол Мейірбековті де, тарихшы Бердалы Оспановты да қолдамаймын. Шыны керек, екінші әйел алуға өзімнің материалдық жағдайым мүмкіндік бермейді. Солай бола тұра мен мына ағамды қолдаймын. Қазір еркектердің 90%-ы ажырасып кеткен немесе жаман жүріске салынған қыздарға барып зина жасап жүр. Моральдық тұрғыдан зина деген жақсы нәрсе емес. Сол зинаны тоқтату үшін ер азамат өзі сүйген тағы да бірнеше әйелге үйленуі тиіс. Өзімнің үйге кіре алмай қалатынымды да сезіп отырмын”, – дейді Қайрат мырза.

Тарихшының бұл пікірін тыңдаған кәсіпкер өзінің әйелінен еш қорқыпайтынын мәлімдеді. “Сөздеріңе қарасам, “Үйге барғанда, кіре алмай қалмайсың ба?” дегенді жиі айтып жатырсыңдар. Менің бәйбішем бүгінгі хабарға өзі киіндіріп, “Барып, осы туралы айтып бер” деп жіберді. Мен осы жерде бәйбішенің функциясын атқарып отырмын. Еркек еркін болуы тиіс. Ал ол әйел адам еркін ұстаған кезде ғана қалағанын жасайды. Шындап келгенде, 4-5 әйел алу тек менің проблемам. Оған әйелдердің басы ауырмауы керек. Бүгінде бәйбішем тоқалдарын еркін жұмсап, олардан туған балалардың маңдайын құшырлана сүйіп отыр”, – дейді көп әйел алған кәсіпкер.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік келіншек күйеуіне өзі тоқал іздеп жүр

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Қазақстандық келіншек бірнеше әйелді жүкті қылып, мүлкін тартып алған алаяқтан сақтандырды

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Талқылау