Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда теңге бағасы неге төмендеп кетті: Досаев айтып берді

Ұлттық банктің басшысы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен доллардың қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

"Инвесторлардың қаржы салудан қорқуы және доллардың нығаюы дамушы елдердің валюталарының әлсіреуіне және мұнайдың арзандауына әкеледі. Соңғысына әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынының баяулау қаупінің өсуіне байланысты мұнайға сұраныстың төмендеуі ықпал етеді", - деді Досаев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қыркүйекте теңгенің айырбас бағамы бірнеше сыртқы факторлардың қысымына ұшыраған.

"Қыркүйек айында мұнай әлемнің кейбір аймақтарында коронавирустың бірнеше рет өршуі және соның салдарынан мұнайға сұраныстың әлсіреуі жағдайында әлемдік экономиканың қалпына келуінің баяулау қаупінің артуына байланысты шамамен 10 пайызға төмендеді" - деді Ұлттық банк басшысы.

Екіншіден, оның пікірінше, дамушы елдердің валюталары, оның ішінде теңге, коронавирус жағдайлары санының артуы аясында қыркүйекте әлсіреді, бұл инвесторлардың қауіпті активтерге қызығушылығының төмендеуіне және доллардың нығаюына әкелді.

"Түрік лирасы бір айда 5,2 пайызға, Ресей рублі - 4,9 пайызға, Аргентина песосы - 2,7 пайызға әлсіреді. Жалпы алғанда дамушы елдердің валюта индексі 0,4 пайызды ғана қосты. Қазақстандық теңге дамушы елдер валюталарының жалпы қозғалысының аясында айына 2,8 пайызға бір долларға 420,11-ден 431,81 теңгеге дейін әлсірегенін көрсетті", - деді Досаев.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қазан, 2020 09:11
Талқылау