Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату тоқтатылады

Телерадиохабар тарату желілерінде жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілуіне байланысты телерадиоарналарды ретрансляциялау 19 қарашада тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазтелерадио"АҚ сайтына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, осы күні сағат 3.00-ден 17.00-ге дейін сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Бұл жұмыстар тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2020 06:22
Талқылау