Қазақстанда Telegram, Twitter мен YouTube желілері істен шықты
Telegram әлеуметтік желісі жұмыс істемей қалған уақыттан жарты сағат өткеннен кейін Twitter мен YouTube видеохостингі де істен шыққан. Бұған интернет-ресурстардың тұрақтылығын бақылайтын Downdetector қызметінің деректері дәлел, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шағымдардың көпшілігі сайт жұмысындағы кедергілерге қатысты түскен. YouTube платформасының жүгінушілері видео көре алмай жатқанын айтса, Twitterде жеке аккаунтқа кіруде қиындықтар байқалған. Сонымен қатар екі сервистің де мобильді қосымшаларында проблемалар бар.
- Facebook, Instagram, WhatsApp қызметі тағы да істен шықты
- Қазақстанда WhatsApp және Instagram не үшін істемей қалғаны анықталды
Бұған дейін Telegram жаңа қолданушылардың жаппай өсуіне байланысты істен шыққан болатын. Бұл Facebook, Instagram және WhatsApp қызметтерінің жұмысындағы тоқтаулар барысында болған. Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг осы ақаулардан соң 6,6 млрд доллар жоғалтқан.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн