AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Facebook, Instagram, WhatsApp қызметі тағы да істен шықты

Желі қолданушылары Facebook, Instagram, сондай-ақ WhatsApp қызметтерінің істен шығуына тағы да шағымданды. Мұндай ақауларды танымал интернет-ресурстардың істен шығуы мен өшірілуін қадағалайтын Downdetector сайты тіркеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда әлеуметтік желінің бір сағатқа бұғатталуы 2,6 млрд теңге тұрады

Порталдың мәліметінше, Facebook жұмысына шағымдар астана уақытымен жұма мен сенбіге қараған түні түсе бастады. Шағымдардың көп бөлігі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Италиядан түскен, сонымен қатар Ресейде де сәтсіздіктер туралы айтылады.

Instagram-дағы проблемалар туралы АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Нидерландыдан, сондай-ақ Канада, Италия, Ирландия, Испания, Франция, Ресей және басқа елдер де хабарлады.

Желі қолданушылардың көбі Facebook-тің ресми сайтының жұмысына шағымданады, сонымен қатар қосымшалар мен есептік жазбаларға кірумен қиындықтар болған. Instagram қолданушылары қосымшаның жұмысына, серверге қосылу кезіндегі ақаулар, жаңалықтар лентасы мен сайтпен жұмысына шағымданды.

Facebook әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы білетіндерін мәлімдеді және жағдай үшін кешірім сұрады.


Қазақстанда WhatsApp және Instagram не үшін істемей қалғаны анықталды 


"Біз кейбір адамдарда біздің қосымшалар мен өнімдерге қол жеткізуінде проблемалар бар екенін білеміз. Ақауларды мүмкіндігінше тез қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз, қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", – делінген Facebook-тің Twitter-дегі хабарламасында.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын ел аумағында белгілі әлеуметтік желілер жұмыс істемей қалған еді. Downdetector қызметі Facebook-тегі ақаудың 17 жылда болған ең үлкен проблема болғанын айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр