Қазақстанда тағы бір модульдік аурухананың құрылысы бойынша іс қозғалғаны анықталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департамент басшысы Мұрат Ахметов екі модульдік аурухананың ісі қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

"Модульді ауруханаға қатысты агенттікте 2 іс бар. Ол Алматы да және Шымкентте тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік аудит жүргізген актілердің нәтижесінде сараптама бекіткен сома анықталды. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бекітілген алдын ала сома бүгінде сарапшылардың қарауында. Аурухананың жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр, нәтижесі шыққан соң таныстыратын боламыз. Әр аурухананың құны – 5,5 млрд теңгені құрайды. Қаржыны жымқыру дәлелденетін болады, қазіргі таңда процессуалдық іс жүріп жатыр, әзірге күдіктілер жоқ. Кінәлі тергеу жұмыстарынан соң белгілі болады, әзірге айта алмаймын. Ауруханалардың құрылыс жұмыстарына да сараптама бекітілді. Ол  ұзақ дегенде 2-3 уақытты талап етеді", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы модульдік аурухананың құрылысына қатысты дау туындаған еді. Ақша жымқырды деген күдікке қалалық басқарманың басшысы ілікті деген ақпарат талады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр