Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға тағы 8 миллион доза вакцина жеткізіледі

Қазақстанға тағы 8 миллион доза вакцина әкелу жоспарлануда. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион дозаны қосымша жеткізу туралы келісімшарттарға қол қойды. Жеткізу кестеге сәйкес жүріп жатыр. Осыған байланысты республикада вакцинацияға қолжетімділік жеткілікті", – деді министр үкімет отырысында.

Қазақстанда 5 млн астам халық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды.

“Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 9,4 млн доза вакцина қолданылған. Оның бірінші компонентін 5 480 094 адам салғызды, бұл вакцина алуы тиіс халықтың 55,4 пайызын құрайды. Екінші компонентімен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8 пайызы қамтылды”, – дейді Цой. 

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері "қызыл" аймақта тұр. Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі "қызыл" аймақта. 3 тамыздағы жағдай бойынша, республикадағы инфекциялық төсек-орынның 56 пайызында, реанимациялық төсек-орынның 44 пайызында науқастар жатыр.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 03 Тамыз, 2021 08:49
Талқылау