Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны 86-ға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"26 наурыз күні сағат 08:05-те Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бес оқиғасы тіркелді - Нұр-Сұлтан қаласында - 3 жағдай, Алматы қаласында - 2 жағдай", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Бүгінгі күні елде коронавирусты тіркеудің 86 жағдайы расталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 44 жағдай, Алматы - 34 жағдай, Қарағандыда - 2 жағдай, Шымкентте - 2 жағдай, Алматы облысында - 1 жағдай, Ақтөбе облысында - 1 жағдай, Жамбыл облысында - 1 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай. Сондай-ақ, екі адам коронавирустан сауықты.
Бұған дейін Алматыда коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдай тіркелгені хабарланды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ