Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бірнеше тағам құрамынан доңыз ДНҚ-сы табылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қарамағындағы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің жүргізген  тексеруі бойныша тағамдардың 20 %-нан доңыз еті табылған.

“2018 жылы 147 тағам түрі тексерілді. Жануар еті қосылған 757 тағам түрі тексерілді. Оның 27-нен доңыз еті бары анықталды. Доңыз еті тағамның сыртқы қаптамасында көрсетілмеген”, – деді мемлекеттік санитарлық бас дәрігер Жандарбек Бекшин.

Айтуынша, лабороторияда доңыз ғана емес, тауық, жылқы, сиыр, қой, ит , мысық т.б. өзге де жануарлардың етінің бар-жоғын тексеріледі. Қазір Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Ұрыс-керіс көп үйде туған бала 6 айынан стресске ұшырайды

ОҚО-да 5 жасар бүлдіршінді ұлттық бюро қызметкері судан аман алып қалды

Қазақстанның төрт облысында үсік жүруі мүмкін

Рулардың атымен аталатын ас мәзірі елді таңғалдырды

Талқылау