Қазақстанның төрт облысында үсік жүруі мүмкін

Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жуырда үсік жүруі мүмкін.

10 сәуір күні түнде Қызылорда облысында, 9-11 сәуірде түнде Оңтүстік Қазақстан облысында 1-3 градус үсік жүреді, ал 11-12 сәуірде түнде Жамбыл және Алматы облысында кей жерлерде бес градусқа дейін үсік жүруі ықтимал, деп хабарлады “Қазгидромет” РМК.

Сонымен қатар, Қазақстанның өңірлерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды.

8 сәуірде Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының көтерілуіне байланысты және жауын-шашын түсуі салдарынан қар еріп, су деңгейі артып, су басу қаупі туындайды.

8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында өзендер арнасынан асып, тасқын болуы мүмкін.

8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жауын-шашын түсуіне байланысты су басу қаупі бар.

Тағы оқыңыз:

Астанада қайырымды жандардан бөлек өз пайдасын ойлайтындар да көбейді

Назарбаева әскери телеарна ашуды ұсынды

“Алтын белгі” төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады

180 мың теңге үшін өлтірген: Түркістанда айуандықпен өлтірілген мұғалім қазасының мән-жайы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар