Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасы 2026 жылғы шілде айына дейін бекітілді

Энергетика министрлігінде тауарлық биржалардан тыс ішкі нарыққа арналған сұйытылған мұнай газының көтерме сатылымға арналған шекті баға бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Энергетика министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, шекті баға 2026 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін бекітілді.
“2026 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауарлық биржалардан тыс сұйытылған мұнай газының жеткізілу жоспары аясында сұйытылған мұнай газының көтерме сатылымына шекті бағаны ҚҚС-ын есепке алмағанда тоннасы 59 722 теңге мөлшерінде бекіту”, — делінген бұйрықта.
Бұл құжат ”Газ және газбен қамтамасыз ету туралы” Қазақстанның заңына және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық нормаларға сәйкес қабылданды.
- Қазақстандықтар автогаз жетіспеушілігіне шағымданды — Энергетика министрлігі жағдайды түсіндірді
- "Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
Айта кетейік, қазіргі шекті баға ҚҚС есепке алмағанда тоннасы 59 722 теңге мөлшерінде 2025 жылғы 1 тамыздан бастап белгіленіп, 31 желтоқсанға дейін бекітілген.
Бұған дейін қазақстандықтар АИ-92 бензині мен автогаз қымбаттауына шағым түсіре алатын жедел желі ашылған еді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?