Қазақстанда сүт қымбаттады
Қазақстанда сүттің бағасы өсуде, тұтыну айтарлықтай төмендеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Energyprom.kz хабарлауынша, 2020 жылы 598,5 мың тонна сұйық өңделген сүт пен кілегей өндірілген.
Барлық өнімнің 32%-ға жуығы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Бұдан басқа, өндіріс көлемінің үштен бір бөлігі Алматы (98,9 мың тонна) және Ақмола (94,9 мың тонна) облыстарына тиесілі.
Сарапшылардың деректері бойынша, шикі сүт еліміз бойынша орта есеппен бір жылда 9,8%-ға, литріне 243,7 теңгеге дейін қымбаттады.
Майлылығы 2,5% пастерленген сүт бағасы литріне 258,1 теңгеге дейін 6,5%-ға, ал майлылығы 3,2% сүт - 7,9%-ға, литріне 276,9 теңгеге дейін артты.
Зерттеуге сәйкес, сүттің қымбаттауымен оны үй шаруашылықтарында тұтыну төмендеді. Ауылдық жерлерде бір тұрғынға шаққандағы тұтыну орташа алғанда 8 литрді құрады - бұл 2019 жылға қарағанда 2 литрге аз.
Бұған дейін Қазақстанда бір жыл ішінде ет, әсіресе сиыр еті, жылқы еті мен қой еті қымбаттағаны хабарланды.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
