Қазақстанда сиыр етінің қымбаттауына байланысты жедел желі іске қосылды
Фото: istockphoto.com
Сауда және интеграция министрлігі сиыр еті нарығындағы жағдайға байланысты мәселелер бойынша жедел желі іске қосылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі республика бойынша жұмыс істейді және азаматтар үшін де, кәсіпкерлер үшін де ашық болады.
"Жедел желіге сиыр еті бағасының деңгейіне, сауда нүктелеріндегі сауда үстемелеріне, сондай-ақ өнімді жеткізуде проблемалар туындаған жағдайда байланысты мәселелер бойынша хабарласуға болады", - деп хабарлады Сауда министрлігі.
Жедел желі халықпен және бизнеспен кері байланысты күшейту, азық-түлік нарығындағы ашықтықты арттыру, сондай-ақ жергілікті жерлердегі дабылдарға дер кезінде ден қою үшін құрылған.
Өңірлер бойынша жедел желі телефондары
• Астана 8 (7172) 57-64-02;
• Алматы 8 (727) 392-21-54;
• Шымкент 8 (7252) 53-07-06;
• Абай 8 (7222) 35-37-43 облысы;
• Ақмола облысы 8 (7162) 50-29-89;
• Ақтөбе облысы 8 (7132) 54-81-26;
• Алматы облысы 8 (7272) 72-50-083;
• Атырау облысы 8 (7122) 52-03-91;
• Батыс Қазақстан облысы 8 (7112) 50-00-44;
• Жамбыл облысы 8 (7262) 54-21-69;
• Жетісу 8 (7282) 41-56-10 облысы;
• Қарағанды облысы 8 (7212) 21-42-08;
• Қостанай облысы 8 (7142) 53-46-80;
• Қызылорда облысы 8 (7242) 71-15-30;
• Маңғыстау облысы 8 (7292) 43-14-34; 8 (7292) 43-01-17;
• Павлодар облысы 8 (7182) 55-10-70;
• Солтүстік Қазақстан облысы 8 (7152) 46-81-33;
• Түркістан облысы:
Әбдусаттаров Нұрдәулет +7 707 111 65 01;
Әшімханов Асқар +7 771 322 82 82;
• Ұлытау облысы 8 (7102) 76-30-10;
• Шығыс Қазақстан облысы 8 (7232) 26-72-07.
Журналист бағаны шарықтатқандарға қандай шара қолданылатынын сұрады.
“Делдалдың бәрін тиімсіз деуге келмейді. Сауда саласында 1,5 миллион адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда делдалдарға қатысты 45 әкімшілік іс қозғалған. Жедел желі арқылы ет бағасын негізсіз қымбаттатқандарға шара қолданылдады. Айыппұл салынады. Бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау қажет, бұзушылық жағдайында арыз негізінде әкімшілік іс қозғалады. Бүгінге дейін осындай адамдарға 350 миллион теңгеден астам айыппқұл салынды", - деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
