Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шілде айынан бастап кейбір ақша аударымдары бұғатталады

Шілде айынан бастап Қазақстанда кейбір ақша аударымдарына тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Қазақстанда қаржылық алаяқтықпен күресу үшін кейбір ақша аударымдарын бұғаттайтын алаяқтыққа қарсы орталық ашылады.

Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтыққа қарсы орталық технологиялық алаң болмақ. Оған қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылады.


"Бөгде адам шотыңызға ақша аударады": Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды


"Платформада нақты уақыт режимінде қаржы нарығы субъектілері арасында жалған транзакциялар, оның ішінде тиісті белгілері бар күдікті транзакциялар туралы деректер алмасылып отырады", – делінген хабарламада. 

Алаяқтыққа қарсы орталықтың міндеті азаматтардың ақшалай қаражатын жалған транзакциялардан қорғау, алаяқтық операциялар дер кезінде анықтау және бұғаттау.

Орталық 22 шілдеден бастап жұмысқа кіріспек.

Еске салсақ, бұ,ан дейін қарағандылық зейнеткердің полицейлерге сенбей, ақшасын алаяқтарға аударып жібергені туралы жазған едік. 

Талқылау