Қазақстанда шетелге шығарылатын тауарларға қосымша жүкқұжаттар міндеттеледі
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілік департаментінің директоры Қадыр Ысмағұлов тауарларды қадағалау механизмін енгізу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап көлеңкелі айналымды азайту және салық шығындарын жою мақсатында ЕАЭО елдерімен өзара саудада тауарларға қосымша жүкқұжаттарды (ТНТ) міндетті түрде беру енгізілуде.
Бұған дейін тауарларға қосымша жүкқұжаттарды пилоттық режимде 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап ерікті негізде енгізілген болатын.
"ТНТ беру шекарадан өткенге дейін электронды түрде (ЭСҚ арқылы) жүзеге асырылады. Осылайша номиналды тұлғаларға, жалған тауар жөнелтушілерге және т.б. заңсыз тұлғаларға құжаттарды беру мүмкіндігі болмайды. Енгізілген жүйе тауарларды шекара арқылы өткізуді бақылау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді", - деді Ысмағұлов.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”