Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шетелдіктерді электронды түрде тіркеу енгізілмек

Мемлекет аумағына визасыз тәртіпте кіретін шетелдіктер тіркеуден SMS немесе электронды портал арқылы өте алады. Таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процедураны жеңілдетуді тапсырған еді. Ал бүгін полициядағылар ол үшін не істелінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстанда шетелдіктерді электронды түрде тіркеу енгізілмек

Көші-қон қызметі комитетіндегілер уақыт өте келе шетелдіктер шекарада тіркеуден өте алатынын уәде етті. Қазіргі уақытта ел аумағына виза арқылы кіргендер осылай жасауда. Ал Қазақстанда визасыз бола алатын 9 мемлекеттің азаматтары 5 күн ішінде тіркелуі тиіс. 

«Көші-қон туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, міндетті тіркеудің мерзімі бес күннен отыз күнге дейін өзгертілмек. Елімізге келетін туристерге 30 күн жеткілікті болмаса, кез келген қонақ үй немесе хостел, электронды үкімет, көші-қон қызметі арқылы ұзартуға болады.

«Қазіргі уақытта E-Hotel аталатын жүйені енгізу мәселесі талқылануда. Мұндай жүйе бойынша шетелдік азаматтарды қабылдайтын заңды тұлғалар, жекелей алғанда қонақ үйлер, хостелдер оларды орналастырумен қатар, ел аумағында тіркейді. Осылайша, шетелдік азамат ХҚО-ға барудан және басқа да жағдайлардан босатылады. Сонымен қатар шетелдік азаматтың SMS-хабарлама арқылы тіркелу мәселесі талқыланып жатыр», - дейді ІІМ-нің көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерді тіркеуден босатуды тапсырған еді.

Талқылау