Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік инвестициялар көлемінің артуына не әсер етті?

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, соңғы бес жылда Қазақстанға жыл сайын 20 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі FinProm.kz сайтына сілтеме жасап.

инвестиция

Қазақстандағы шетелдік инвестия санының артуына Ресей мен Украина арасындағы соғыс, пандемиядан болған бюрократиялық кедергілерді жоюы әсер етті.

2021 жылы ҚР-дағы ТШИ жалпы ағыны 23,8 миллиард АҚШ долларды құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда  38,9%-ға  артқан. Ал алдын ала болжам бойынша 19 миллиард доллар деп бағаланған. Бірақ нәтижесі болжамнан асып түсті.

2022 жылы тамызда АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалап, нарықтық экономиканы құрудағы елеулі прогресті атап өтті.

Қазақстанда ТШИ ағынының артуы экономиканың қалпына келуімен және "дағдарысқа дейінгі" белсенділікке оралуымен түсіндірілді.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Жапонияны қоса алғанда, 54 елдің азаматтары үшін визасыз режимді қайта бастады. 2021 жылы кәсіпкерлерге салықты үш жылға дейін кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін инвестициялық салық несиесін енгізді.

Мемлекеттік департаменттің сарапшылары ТШИ өсімін электрондық үкімет порталы арқылы кез келген бизнесті онлайн-тіркеу және инвестициялық шарттың жаңа түрін енгізу сияқты бизнесті ашу және жүргізу рәсімдерін оңайлату бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі деп санайды.

Рәсімдердің көпшілігін қазір онлайн режимінде аяқтауға болады. Бұрын шетелдік инвесторлар келісімшарттар мен лицензиялау мәселелеріне жиі шағымданатын.

Шетелдік инвестицияларды тарту Қазақстан үшін маңызды. 2022 жылғы маусымда үкімет 2026 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатты бекітті, оған сәйкес ҚР бағалы тауарларды бәсекеге қабілетті өндіру бағытында инвестицияларға көзқарасты өзгертеді.

2022 жылы ТШИ көлемі қандай болатынын әлі анықтау керек. Бірінші жартыжылдықта көрсеткіш 14,5 миллиард долларды құрады. АҚШ инвестициясы бір жылда  28,2%-ға артты. 

"Кейбір инвесторлар Қазақстанға инвестиция салудан бас тартуы мүмкін, ал басқалары Қазақстанды Ресейде бизнес жүргізудің тартымды баламасы деп санауы мүмкін", — делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің есебінде.

Өз кезегінде, ҚР үкіметі Ресейге қарсы батыстық санкцияларды сақтауға дайын екенін білдіріп, батыстық инвесторларға Ресейден Қазақстанға көшуді ұсынды. Атап айтқанда, 2022 жылдың қыркүйек айының соңында премьер-министр Әлихан Смайылов кейбір шетелдік компаниялардың ҚР-ға көшуге дайын екендігі туралы хабарлады.

"Қазіргі саяси жағдай ұлттық экономикаға әсер етті. Бүгінгі таңда 50-ге жуық шетелдік компания көрші елдегі өндірісін жауып, кеңселерін Қазақстанда ашуға ниет білдірді", - деді Смайылов.

Инвесторлар арасындағы толқулардан қорыққан президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпан айында инвестициялар үшін тұрақты климатты қамтамасыз ететінін айтты Ол үшін ол монополиялар мен олигополиялардың экономикадағы шамадан тыс рөлін тоқтатуға уәде берді. Ал наурыз айында жекешелендіруді кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арқылы инвестиция тарта алатын реформалар туралы жариялады.

2021 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың көп көлемі өнеркәсіп, саудада, сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі, көлік және құрылыс салаларында тіркелді.

Жалпы алғанда, салалық құрылымда тау-кен өнеркәсібі әлі де басым, ол 2021 жылы барлық ТШИ-дің 40,8%-ын құрады (тікелей мұнай мен газ өндіруге-28%). Екінші орынды өңдеу өнеркәсібі иеленді: портфельдің 22%-ы. 

Ұлттық банктің деректері бойынша тау-кен өнеркәсібіне ТШИ көлемі 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 18,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі — 68,1%-ға, сауда мен автожөндеу — 47,2%-ға, қаржы және сақтандыру қызметі саласы — 57,2%-ға, құрылыс — 42,6% және көлік-логистика саласы-12,8%-ға өсті.

STAN.KZ
Бейсенбі, 13 Қазан, 2022 09:14
Талқылау