Қазақстанда шағын несиелер бойынша жоғары пайыз мөлшерін төмендетпек
Қазақстанда шағын несиелер бойынша жоғары пайыздың мөлшері өзгереді. Тиісті қаулының жобасы 4 тамызға дейін жалғасатын қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік порталға орналастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні берілген микрокредит сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде белгіленсін. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген құжатта.
- Қазақстандықтардың бұрынғы несиелері кешіріледі: Қаржы министрлігі жаңа өзгерістерді түсіндірді
- Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тоқтатылғаны рас па?
Түзету Ұлттық Банктің 2019 жылғы 26 қарашадағы қаулысына енгізіледі. Ол қаулы бойынша қамтамасыз етілмеген микрокредиттер үшін ең жоғары сыйақыны 25%, қамтамасыз етілген микрокредиттер үшін 20% деңгейінде қарастырған.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ