AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда саяси репрессияға ұшырадым деп ойладым": Әнуар Нұрпейісов Украинаға көшуді жоспарлаған

Әнуар Нұрпейісов бір кездері елде болып жатқан оқиғаларға қатысты белсенді түрде пікір білдіріп жүрді. Шоумен әрі актер 2019 жылғы президент сайлауы қарсаңында ақпараттық алаңнан жоғалып кетті. Кейінірек Нұрпейісов бостандығы мен өміріне қатер төнетіні туралы ескертілгенін айтып, Шри-Ланкада қалуға шешім қабылдады. Кейін Қазақстанға оралды. Нұрпейсіов "Қазақстанда саяси репрессияға ұшырадым" деп ойлағанын ашық айтты. Ол бір кездері Украинаға көшуді ойлағанын жасырмады. Алайда ақырында Шри-Ланка аралынан бір-ақ шықты. Бұл туралы ойымен ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Адамдар менің пікір білдіруімді талап ете бастады. Неге менің үндемеуге құқығым жоқ? Маған "аузыңды жап" деп ашық ескертілді.
Кейін маған: "Өлгендер арасынан жеңімпазды көрмедім", - деген тіркес ұнады. Адамдардың реакциясын көргенде түсіндім. Кім үшін, не үшін біреуге бірдеңе дәлелдемексің деп ойладым.

Ерте ме, кеш пе, бұл қозғалысың адамдардың білімсіздігімен, мисыздығымен тоғысады. Мен не естімедім? Мұны боттар жазып отыр ма деп те ойлайсың. Қандай да бір бөлігі шынайы адамдар да шығар, бірақ сол сөздерге халық ереді", - дейді Нұрпейісов.

Актердің айтуынша, кей адамдар оны "жоғары жақтан біреу сатып алған" деп ойлайды. 

"Бұл ең өкініштісі. Сатып алса да мейлі ғой", - деп күлді ол. 

Нұрпейісов бір кездері Украинаға көшкісі келгенін ашық айтты. 
"Зеленскийдің жеңіске жеткен алғашқы жылы. Ол бір сөзінде: "Қандай да бір саяси репрессияға ұшыраған ТМД елдерінің құрбандары бізге көшсе болады, құшақ жая қарсы аламыз" , - деді.

Мен өзімді сол репрессияға ұшырағандардың қатарына жатқыздым. Себебі екі дереккөз менің соңыма адам түскенін жеткізді. Артымнан біреудің аңдып жүргені қалыпты нәрсе емес деп ойлаймын",-  деді Нұрпейісов.



Актер қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстанда оң өзгерістер болып жатқанын атап өтті. "Бәрі бірден өзгеріп кетпесе де, көш түзеліп келеді" деген пікірін алға тартты. 

"Бәрі бірден болмайды. Бірақ кей өзгерістерге біздің халықтың бір бөлігі дайын емес. Біз бос қиялмен өмір сүреміз. Күндердің күнінде бір мейірімді ағай келіп, бір тұтқаны басып, бәрі өзгеріп кетеді деп ойлаймыз. 

Ондай ештеңе жоқ. Адам ағзасы да бірден өзгере салмайды. Сен қандай да бір әдеттеріңді өзгертесің, уақыт өте келе басқа адам болып шығасың. Сол сияқты. Бірақ қалпақты аспанға лақтыруға әлі ерте деп ойлаймын. 

Өйткені біз эйфорияға беріліп, "кереметпіз" деп босаңсып қалуымыз мүмкін. Сосын бұрынғы қателіктерді қайтадан қайталайсың", - деді актер.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр