Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда саяси қудалаудың белгілері жоқ – Тоқаев

“Қазақстанда саяси қудалаудың белгілері жоқ” деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Егемен Қазақстан басылымына берген сұхбатында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Митинг сайлау 2

Президенттің пікірінше, саяси қудалау бар деп айту үшін цензура, арнаулы заңдар мен жазалау­шы органдар болуы керек. 

“Қазіргі Қазақстанда мұның ешқайсысы жоқ. Біздің заңнамамызда азаматтарды сая­си көзқарасы үшін қудалауға негіз болатын бірде-бір жарлық, бірде-бір заң, бірде-бір нормативтік құжат жоқ.

Керісінше, реформалардың нәтиже­сінде адам құқықтарын қорғау жүйесі нығая түсті. Заңдарға қазылардың тәуел­­сіздігін күшейтетін түзетулер енгі­зіл­ді. Алқа билердің қарауына жата­тын істердің аясы кеңейді. Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл институты толық жұмыс істеп тұр. Оған конс­ти­туциялық мәртебе берілді. Мен был­тыр желтоқсан айында адам құқық­тарына қатысты екінші Жарлыққа қол қой­дым. Мұның бәрі осы салада дәйекті әрі түбегейлі өзгеріс жасалып жатқанын көрсетеді”, – дейді Тоқаев.

Мемлекеттің басты міндетінің бірі – заңның мүлтіксіз орында­луын, тәр­тіптің қатаң сақталуын толық қам­тамасыз ету екеніне тоқталған президент заң бұзған кез келген адам жауапқа тартылатынын бас айтады. 



“Ал заң мен тәртіпті сақтау мәселесіне азаматтардың идеологиялық ұстанымы мен саяси көзқарасының еш қатысы жоқ. Заң бәріне ортақ. Кейбіреулер прокуратура орган­дарының ескертуіне қарамастан, адам түсініп болмайтын кесірлік көрсетіп, заң бұзады. Ондай адамдар өзін заңнан жоғары қойып, "Атың шықпаса, жер өрте" деген ұстаныммен елге танымал болғысы келетін сияқты. Көптеген тәуелсіз бұқаралық ақпа­рат құралы жұмыс істеп тұрған, сая­си цензура атымен жоқ елде саяси қуда­лау бар деу қаншалықты орынды? Ол аз десеңіз, жаңа заң қабылданып, бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алудың орнына хабарлау тәртібі енгізілген соң, Қазақстандағы бейбіт жиындардың саны еселеп артты”, – деп жалғады президент.

Тоқаев қазір парламентте түрлі көзқарас­тағы қоғам өкілдерінің мүддесін білдіретін сан алуан саяси күштер бар екенін және парламенттік оппозиция институты заң жүзінде бекітілгенін баса айтады.

“Соңғы сайлауда Мәжіліске алты партия өтті. Оның үшеуі алғаш рет депутаттық мандатқа ие болды. Тіпті қазір Парламентте отырған партияның бірі – әуел бастан оппозициялық ұстанымдағы ұйым.

Көптеген шетелдік сарапшылар мен әріптестер, соның ішінде Батыс елдерінің мамандары Қазақстандағы демократиялық реформалардың озық үлгіде екенін айтып, оған қолдау біл­діріп отыр. Шынымен де, біз геосая­си төңірегімізде ауқымды демо­кра­тиялық өзгеріс жасап, адам құқықтарын қор­ғау ісінде зор табысқа жеткен бірден-бір елміз”, – дейді Қазақстан президенті.

Талқылау