Қазақстанда VIP мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы жарияланды
Фото: kolesa.kz
Қазақтандық көлік жүргізушілері жуырда көлік нөмірлеріндегі әріптер мен сандардың кез келген комбинациясын өз қалауы бойынша таңдай алатын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа Салық кодексінің жобасында мұндай нөмірлерді дайындау мен беруге арналған салықтар қарастырылған.
Айта кетейік, жаңа салықтарды енгізуді көздейтін Салық кодексіне түзетулерлі 2025 жылдың сәуірінде мәжіліс депутаттары мақұлданған еді және қазір сенаттың қарауында.
Егер сенат бұл түзетулерді Салық кодексінен алып тастамаса, онда ерекше мемлекеттік нөмірлерлерді төмендегі бағаларға сатып алуға болады:
- 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері – 57 АЕК (224 124 теңге) тұрады;
- 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 және бірдей әріптермен – 114 АЕК (448 248 теңге);
- 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 – 137 АЕК (538 684 теңге);
- 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 және бірдей әріптермен – 194 АЕК (762 808 теңге);
- 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 – 228 АЕК (896 496 теңге);
- 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 және бірдей әріптермен — 285 АЕК (1 120 620 теңге) болады.
Бір жылда 1 миллиард теңге: Шымкенттіктер VIP нөмірлерді сатып алу бойынша көш бастап тұр
Қазақстанда велосипед пен самокат жүргізушілеріне мемлекеттік нөмірмен жүру талап етілмек
Бұдан бөлек, 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 сандарымен мемлекеттік нөмірлер үшін – 15 АЕК (58 980 теңге) көлемінде баға белгіленеді.
Осы сандармен және бірдей әріптік белгілері бар нөмірлер үшін – 72 АЕК (283 104 теңге) алым қарастырылған.
Ал мынадай цифрлық белгілері бар нөмірлерді қоспағанда (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999) және (немесе) бірдей әріптік белгісі бар мемлекеттік тіркеу нөмірлерінен басқа нөмірлер – 57 АЕК (224 124 теңге) тұрады.
Ал кез келген қалаған цифрлық және әріптік белгісі бар (жоғарыда көрсетілген ерекше нөмірлерден басқа) нөмірлер үшін – 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде төлем көзделген.
Еске салсақ, бұған дейін 2024 жылы қазақстандықтар VIP нөмірлерге 15,8 миллиард теңге жұмсағаны туралы жазған едік.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
