Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі? Министр жауап берді

Қаржы министрі және премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда сән-салтанат салығының қашан енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сән-салтанатқа салық

Министр салық бойынша нұсқаулықты 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтау керегін айтты.

"2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне сән-салтанат салығы енгізіледі. Нұсқаулық әзірленіп жатыр. Оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске ұсынамыз. Заң 2023 жылы қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді", – деді ол Мәжіліс отырысында.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте сәнге салынатын салық енгізуді ұсынған еді. 

Оның сөзінше, салық қымбат жылжымайтын мүлік пен көліктерді сатып алудан алынады және орта тапқа әсер етпейді.

Талқылау