Қазақстандықтар жаңа петиция жүйесінде шенеуніктердің отставкасына және тіл мәселесіне қатысты талап қоя алмайды
Петицияға өтінішті үкімет деңгейінде қарау үшін ол 50 мыңнан астам дауыс жинауы керек. Дегенмен бұл жүйе арқылы қазақстандықтар әкімдер мен министрлердің отставкаға кетуін талап ете алмайды. Сонымен қатар ІІМ жұмысына, Мемлекеттік тіл мәртебесіне, Мемлекеттік рәміздерге қатысты өтініш жібере алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі kursiv.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pexels.com
2024 жылдың жылдың қазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Петициялар туралы" заң күшіне еніп, 4 сәуірден бастап қазақстандықтар электрондық петиция бере алатын ресми сайт іске қосылды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қандай мәселелерге петиция жариялауға болмайтынын мәлімдеді.
Алайда жаңа жүйеге кіріп, петиция жариялау туралы батырманы басқан кезде "Петиция нысаны бола алмайтын тақырыптар тізімі" шығады:
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғатын;
Конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығы мен имандылығына нұқсан келтіретін;
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі мәртебесінің, республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығының, оны басқару нысанының өзгеруі;
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы және Мемлекеттік шекарасы;
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот төрелігін жүзеге асыру;
Прокуратура органдарының жоғары қадағалауы;
Сыртқы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру, құқық қорғау қызметі, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет іс-шараларын жүргізу;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару, қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы;
Қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қорғау;
Азаматтарға рақымшылық және кешірім жасау;
Қазақстан Республикасы президентінің, Парламенті палаталарының және Үкіметінің қарауына жататын адамдарды қызметке тағайындау және сайлау, қызметтен босату;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелерді орындау;
Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасымен реттелетін;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері;
Мемлекеттік тіл мәртебесі;
Мемлекеттік органдар функцияларының өзгеруі;
Төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдай режимдерінің қолданылуы шеңберінде қабылданған шешімдердің күшін жою және оларды өзгерту туралы.
Жүйедегі келісім шарттары
Жүйеге eGov қосымшасы арқылы тіркелу қажет, яғни ЖСН мәліметтерін теріп, жеке деректерді көруге мүмкіндік беріледі.
"Осы келісімді жасай отырып және осы келісімнің қосымшасына сәйкес дербес деректерін ұсына отырып, Пайдаланушы "Петиция" ақпараттық жүйесінің Иеленушісіне дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді", – делінген жүйедегі пайдаланушы келісімінде.
Бұдан бөлек, келісімді иеленуші (яғни Цифрлық даму министрлігі -ред.) кез келген уақытта, қандай да бір арнайы ескертусіз толық немесе ішінара өзгерте алады. Келісімнің жаңа редакциясы оның интернет-ресурста жариялану сәтінен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Қазақстан президенті қазан айында қол қойған "Петициялар туралы" заң 2024 жылдың сәуір айында ғана күшіне енетінін және әзірге бұл заңмен реттелмегендіктен, петициялар қарастырылмайтынын айтқан еді.
30 наурызда қазақстандықтар су тасқынына кінәлі деп саналатын шенеуніктердің қызметінен кетуін талап етіп петиция жариялаған. Оған 3 мыңнан астам адам қол қойған.
"Модерициядан сәтті өткен жағдайда пециция Epetition.kz сайтында жариялатын болады. Себебі петиция тек тікелей сілтеме арқылы қол жетімді және 50 адам жиналғанға дейін қолжетімді болмайды. Тікелей сілтемеден өту кезінде петицияның функционалдығы бойынша шектеулер жоқ, пайдаланушы үшін барлық функция қол жетімді. Мысалы, биылғы петиция бойынша ақпаратқа қол қою, түсініктеме беру және алдын ала қарау, қол қою саны мен мерзімдері тұрады", – деді цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Электронды өтініштер үшін 10 жұмыс күні ішінде 50 дауыс және қағаз өтініштер үшін 20 жұмыс күні ішінде жиналса, өтініш автоматты түрде жалпыға ортақ жарияланады. Осылайша, алты ай ішінде жалпы дауыс беру басталады.
Электрондық петицияларды құру туралы келесідей нұсқаулар берілген. Петицияны қалалық мәслихаттар деңгейінде қарау үшін ол 2 500 дауыстан, ал үкімет деңгейінде 50 мыңнан астам дауыс жинауға тиіс. Орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен мәслихаттар өтініш берушіні шақыра отырып, петицияларды жария талқылауды жүргізетін болады. Ал кейін бірінші басшы қарау нәтижелері бойынша БАҚ-та ресми хабарламамен сөз сөйлеуге міндеттеледі.
Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрлігі өтініштер беру ресурсы ретінде "Электрондық өтініштер" жүйесін (eOtinish.kz) ұсынған еді.