Қазақстанда "Рамстор" супермаркеттер желісі жабылатын болды
"Рамстор Казахстан" ЖШС компаниясының құрылтайшысы Түркиядағы Migros Ticaret A. Ş. компания 2020 жылғы 24 қыркүйекте "Рамстор Қазақстан"ЖШС бөлшек операциялық қызметіне қайта бағалау жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Стамбул қор биржасында ақпаратты жария ету платформасында "компанияның өсу мақсаттарына және нарықтарға шоғырлану стратегиясына сәйкес" жүргізілген.
"Рамстор Қазақстан" ЖШС-нің үлесі 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жағдай бойынша Migros Ticaret A. Ş шоғырландырылған сатылымдарының шамамен 0,8%-ын құрайды.
"1 дүкенді сату және Қазақстанда жұмыс істейтін 6 дүкенге жалдау шарттарын беру, сондай-ақ осы дүкендердің жабдықтары мен қорларын сату туралы келіссөздер басталды. Аталған дүкендерді ықтимал беру / сату Қазақстан Республикасының тиісті монополияға қарсы органымен келісуге жатады", - делінген хабарламада.
Мерзімі өтіп кеткен тауарлар: Қазақстандық супермаркеттер не себепті оны қайырымдылыққа жібермейді?
Компания "Рамстор Қазақстан" ЖШС Қазақстандағы инвестициялар құнының көп бөлігін құрайтын Алматыдағы "Ramstore All In" көпфункционалды кешенін басқара отырып, өз қызметін жалғастыратынын хабарлады.
Желіде Алматының орталығында орналасқан Ramstor Express супермаркеті орнын жалға беру туралы хабарландыру пайда болды.
Хабарламада, Маметов пен Назарбаев даңғылында орналасқан супермаркет «қолданыстағы Ramstore супермаркетінің жабылуына байланысты жалға беріледі (бүкіл бөлшек сауда желісінің таралуы)» деп жазылған. Супермаркет толықтай жабдықталған аспаздық шеберханасымен және техникалық құралдарымен жалға беріледі екен.
Айта кетейік, Рамстор - Түркияда орналасқан Migros Ticaret A. Ş. компаниясына тиесілі халықаралық супермаркет және сауда орталықтарының желісі. Ол Түркиядағы Anadolu Endustri Holding пен Англиядағы BC Partners бірлескен инвестициясының арқасында құрылған. Бұл желіге Түркиядағы 2200 супермаркет пен 30 сауда орталығы, сондай-ақ Македония мен Қазақстандағы супермаркеттер кіреді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
