Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пойыздардың кешігуінің себебі неде - Индустрия министрлігі түсіндірді

Қазақстанда екі Тальго пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Сенат отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайырбек Өскенбаев жағдайдың ең алдымен ауа райына байланысты екенін айтады.

Мұнымен қоса аталған министрлік талабына сәйкес, олар басқа жылдамдықпен жүретін болғандықтан қосымша техникалық тексеруден өтуі тиіс екен.

"Менің ойымша, бұл бірнеше күндік мәселе, техникалық тексеру жылдам жүргізілуі керек егер бәрі жақсы болса, олар оны қайтарады", - деді министр.

Ол қазақстандықтардың қолайсыздыққа бірнеше күн шыдай тұруын сұрады. Темір жолдардағы жүктемені азайтып, логистиканы пысықтау керек. Ал кешігулер локомотив қозғалысының жүйесін бұзған.



"Әзірге төрт күн деп жоспарлап отырмыз, бірақ бұл техника, қазір нақты айту қиын. Бірақ бұл мәселе айлап шешілмейді, мен бірнеше күн жайлы айтып отырмын", - деп қосты Өскенбаев.

Ол сондай-ақ өткен аптада әлеуметтік желідегі жазбалардағы басқа пойыздардың да кешігіп жатқаны туралы пікірлерге түсініктеме беріп өтті.

"Бірнеше күн шыдай тұру керек, қарашаның 17-сі күні Қарағанды облысында пойыздар жиналып, екі жақтан жол жабылып қалғаны естеріңізде болар. Сол кезде пойыздардың көбісі жиналып қалған, бұл логистика тұрғысынан айтарлықтай ауыртпалық әкелді және оның салдары қазір түзетіліп жатыр, сондықтан бірнеше күн шыдай тұру керек. Бәрін ретке келтіреміз", - деп сендірді министр.

Талқылау