Қазақстанда пойыз 1 сағаттан артық кешіксе билеттің бағасы толықтай қайтарылады
Енді елімізде пойыз бір сағаттан артық кешіксе және билеттегі орын бос болмаса, билеттің құны комиссиясыз түгелдей қайтарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ҚТЖ
Көлік министрлігінің тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар темір жол билеттері пойыз жүргеннен бұрын 10 минутқа дейін ғана сатылады. Бұрын бұл талап бір тәулік болатын.
Балалармен сапарлайтын ата-аналарға да құлаққағыс: бұдан былай 7 жасқа дейінгі балаларға билет алу міндетті емес. Ал орын қажет болса билетті жеңілдікпен алуға болады.
7-15 жастағы балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ бұдан былай 15 жасқа толмаған бала сенімхатсыз пойызға отырғызылмайды. Егер заңды өкілі бірге жүрсе сенімхат талап етілмейді.
Өзгерістер 22 сәуірден бастап күшіне енеді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"