Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда панасыз ит-мысықтарды аулау мен ату жиілеген

Қазақстанда соңғы төрт жылда панасыз қалған ит-мысықтарды аулау,  ату жиілеген. Әкімдіктер бұл жұмысқа жыл сайын қыруар қаржы бөледі. Қаңғыбас жануарларды қорғаушылар ақшаны ит-мысықты сақтап қалуға жұмсау керек деген пікірде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, еріктілер иесіз қалған төртаяқтылардың әрқайсысын чиптеуді ұсынды.

Елімізде ит-мысықтың саны нақты қанша екені беймәлім. Қорғаушылар чиптеу арқылы жануарлардың есебін жасап, иесін тез табамыз дейді. Әйтпесе жылдан-жылға көше кезген ит-мысықтар көбейіп барады. Оларды арнайы орындарда ұстауға екінің бірі бара бермейді. Өйткені жануарларды күтіп-бағу, стерилдеуге қыруар қаржы талап етеді. Ал мемлекет тарапынан мұндай орталықтарға қолдау шамалы.

Қаңғыбас төртаяқтыларды ату және аулау соңғы төрт жылда 21 пайызға артқан. Арнайы жиында бас қосқан қорғаушылар мен мәжілісмендер жануарларды қорғау мәселесін талқылады.

Мәжіліс депутатыДариға Назарбаева ит-мысыққа қамқор болып жүргендерге арнайы өкілдік беру керек деп есептейді. 

"Бір жүйе болуы керек. Мемлекет қаржыландырады екен деп қол қусырып қарап отыруға болмайды. Біз қараусыз қалған жануарларға бөлінетін қаражатты грант немесе мемлекеттік тапсырыспен қоғамдық қорларға берілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Және сол ұйымдарға мемлекеттік құрылымдарды бақылауға өкілдік берілгені жөн", - деді ол.

Гүлдана Қазтай
Бейсенбі, 27 Мамыр, 2021 07:29
Талқылау