Қазақстанда өткізілмеген тойлар мен концерттер үшін азаматтарға қанша ақша қайтарылды
ҚР сауда және интеграция министрлігінде коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмеген концерттердің билеттері мен ұйымдастырылмаған тойлар үшін қанша ақша кері қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Биыл тұтынушылардың шағымдары өткізілмеген концерттер, тойлар немесе туристік сапарлар үшін ақшаны қайтаруға қатысты болды.
ҚР сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың алты айында өткізілмеген іс-шараларға жалпы 709 620 теңге сомасына 23 өтініш келіп түсті, оның 449 620 теңгесі қайтарылды.
Билеттер Нұр-Сұлтан қаласындағы "Руки Вверх" тобының концерттеріне, Белгородтағы "халық шығармашылығы" фестиваліне, "Астана - Опера" театрының қойылымдарына және басқа да іс-шараларға "ticketon.kz" сайты, Яндекс поштасы, концерт залдарының кассалары арқылы сатып алынды.
Ал мейрамханаларда, кафелерде және басқа жерлерде әртүрлі отбасылық мерекелерді тойламағаны үшін төлемдерді қайтару мәселесі бойынша түскен өтініштердің саны 50-ді құрады, жалпы сомасы 8 810 000 теңгеден астам. Оның ішінде 7 895 000 теңге қайтарылды, қалған өтініштер бойынша әлі де жұмыс жүргізілуде.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
