Қазақстанда өткен тәулікте 26 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды: Пневмонияның 723 жағдайы тіркелді
2020 жылғы 21 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 723 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 2139 адам емделіп шықты. Коронавирустан 20 адам бір тәулікте көз жұмған.
Коронавирустық пневмониямен 1 тамыздан ауырғандар - 21264, 243 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 2139 жетті.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус жағдаймен бөлісті.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 62 өскіншек бала бар. Стационарларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 355 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 78 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
