AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда орташа жылдамдықты асырған көлік жүргізушілері жазалана ма? Заңға енгізілетін өзгерістер талқылануда

Қазақстандық көлік жүргізушілер орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл енгізу идеясын талқылауда. Әзірге заңнамаға бұл термин де, жазаның өзі де енгізілген жоқ. Бірақ Қазақстан стандарттау және метрология институты жол автоматты бейнекамералар үшін мемлекеттік стандарт әзірлеп қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Болжам бойынша, 2023 жылы әкімшілік кодекске және жол қозғалысы ережелеріне түзетулер енгізіледі.

Орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлды енгізу туралы жаңашылдық қазір қазақстандықтар арасында қызу талқылануда. Және оны бәрі бірдей құптай бермейді. Жүргізушілерге көмек көрсету қоғамының жетекшісі Василий Климаков бұл идеяны абсурд деп санайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуінен болып отыр. Сондықтан жаңа айыппұл жол-көлік оқиғасының көрсеткішін төмендетпейтініне сенімді екенін айтады. 

“Ақылы жолдардың есептегіштеріне келгенде үнемі сұрақтар туындайтынын ұмытпауымыз керек. Бұл бағытты жиі қолданатындардың барлығы 10-20 теңгенің әрқашан артық немесе кем жүретінін айтады. Сондықтан жазылатын есептегіштерге өз басым сенбеймін”, – деді Василий.



Василий Климаковтың айтуынша жүргізушілер жылдамдықты асырғаны үшін спидометрлер бойынша есептелген айыппұл түбіртектерін көлікті пайдаланғаны үшін салық ретінде бұрыннан қабылдап келген. Өйткені оларға қарсы шығу мүмкін емес.

Ал ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті жаңашылдық әлі күшіне енбегендіктен, түсініктеме беруден бас тартты.

Белгілері бар тыйым салынған аймақта ғана емес, жолдың басқа учаскелерінде де жылдамдықты асырған жүргізушілерді жазалау қажеттігі көптен бері айтылып келе жатыр. Жоспар бойынша бейнетіркегіштер көліктің белгілі бір қашықтықты, мысалы елді мекендер арасында жүріп өту уақытын өлшейді. Осы екі өлшем негізінде автомобильдің орташа жылдамдығы есептелетін болады. Ал шектен асып кетсе жүргізушіге айыппұл салынады. Алдымен қалааралық бағыттардағы орташа жылдамдықты өлшеу ұсынылады, бірақ кейін ол қала ішіне де енгізілді. Болжам бойынша нормалар жаздың аяғында, ал айыппұлдар келесі жылдан бастап күшіне енеді. Дегенмен қоғам белсенділері билік өкілдерінен бұл түзетулерді қолдамауды сұрайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр