Қазақстанда онлайн несие беру жолдарын өзгерту ұсынылды
Депутаттар қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне алаяқтық фактілерінің көбеюіне байланысты Қазақстанда микрокредит беру ережелерін өзгерту туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Эльнур Бейсенбаев атап өткендей, соңғы жылдары Қазақстанда халықты микрокредиттеуге байланысты алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Белгісіз адамдар азаматтардың атынан онлайн-несие рәсімдеп жатыр.
"Алаяқтар жәбірленушілердің жеке деректерін пайдаланып, заңсыз онлайн-несие берген. "Олар мұны қалай жасап жатыр" деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар, жәбірленушілер өздерінің атына несие алынғаны туралы іс коллекторлық компанияға өтіп кеткеннен кейін ғана біліп жатады", - деп түсіндірді Эльнур Бейсенбаев.
Ішкі істер органдарының мәліметтері бойынша, 2019 жылы интернеттегі алаяқтыққа байланысты 7732 қылмыс тіркелген. 2020 жылы мұндай қылмыстар саны екі есеге көбейген.
Оның ішінде 3000 қылмыс микрокредиттік ұйымдардың интернет-сайттары арқылы онлайн-несие рәсімдеумен байланысты.
"Бұл сандар микрокредиттерді электрондық құралдармен беру ережелерінде белгіленген жеке сәйкестендіру рәсімдері туралы нормалардың жеткіліксіздігін немесе уәкілетті органдардың белгіленген шаралардың орындалуына тиісті бақылаудың болмауын көрсетеді. Алаяқтар үшінші тұлғаларға несие беруді оңай ұйымдастыруда", - деді депутат.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен электронды құралдармен және басқа да реттеу құралдарымен микрокредиттер беру ережелерін тезірек қайта қарауды және өзгертуді сұрады. Мысал ретінде, мәжілісмен тұлғаны сәйкестендіру, клиенттің биометриялық сипаттамаларын, суретті нақты уақыт режимінде тексеру және растау, бұрын дайындалған бейне немесе фотоматериалдарды қолдану арқылы ықтимал қайталанудан қорғау процедураларын күшейтуді ұсынды.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы онлайн-несиелерді өңдеу кезінде көп факторлы аутентификацияны енгізуді қамтамасыз етуді сұрады.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
