Қазақстанда Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмаған

Қазақстанның ішкі істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты елімізде ешқандай қылмыстық іс қозғалмағаны белгілі болды. Бұл туралы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
"Бұл тұлғаға қатысты ішкі істер органдарында ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Сабыровтың Украинаға қарсы соғысып жатқан Ресейдің “Вагнер” ЖШС жауынгерлеріне 10 мотоцикл беріп, "Барлығы жеңіс үшін" қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тараған. Артынша Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған қатысты тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Кейінірек оның Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды. Сондай-ақ Сабыровтың Ресейге қайтып оралу шарттары жарияланған.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады