Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда діни неке заңды некеге теңестіріле ме – Әділет министрі түсіндірді

Фото: Instagram/Ерке Есмахан

23 сәуірде әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәжіліс отырысында қазақстандықтар ресми некеге тіркелудің орнына діни неке қиюмен шектелетіні туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның "Неке және отбасы туралы" кодексі некені тіркеу мәселесінде дәстүрлі ұстанымдарды ұстанады. Сондықтан діни сенімдерге байланысты қиылатын некеге араласу немесе оларды қайта қарау қарастырылмаған.

Дегенмен Ерлан Сәрсембаев діни неке негізінде құрылған отбасыларда дүниеге келген балалар ажырасу жағдайында мемлекет назарынан тыс қалмауға тиіс екенін атап өтті.

"Неке ресми түрде тіркелген бе, тіркелмеген бе, маңызды емес. Егер балаға алимент төленбесе, мемлекет тарапынан алимент өндіру қарастырылған. Бұл жағдайда алимент өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады", – деді министр.


Қазақстанда алиментті ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем белгілемеу ұсынылды


Ер мен әйелдің біреуі бедеу болса, шариғат ЭКО-ға рұқсат етпейді: 10 жыл бірге тұрған қазақстандықтар ажырасты


Еске салайық, бұған дейін әділет министрі елімізде әрбір екінші некенің соңы ажырасумен аяқталатынын мәлімдеген еді. Оның сөзінше, былтыр 61 080 ажырасу тіркелген, бұл неке қию санының (124 774) жартысына жуығына тең.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 14:13
Талқылау