AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда нан қымбаттай ма – Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Қазақстанда әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Қазақстанда диірменшілер астық тапшылығына байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр екені туралы ақпарат тараған болатын.

Осыған байланысты журналистер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерінен "Нан қымбаттай ма?" деп сұрады.

"Бізде екі түрлі нан бар. Біріншісі әлеуметтік нан. Оның бағасын мемлекет реттейді және бақылайды. Бүгінде әлеуметтік нанның бағасы өңірлерде тұрақты, өзгермейді. Егер жекелеген өңірлерде диірменшілер шикізат тапшылығына тап болса, немесе бидай бағасы күрт өссе, онда бидай құнын субсидиялау бағдарламасы іске қосылады. Яғни қазіргі таңда әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне ешқандай алғышарт жоқ", - деп жауап берді АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

Ал премиальды нанның, яғни багет, круассан және тағы басқаларының бағасы шикізат құнына қарай өзгеріп тұрады.

АШМ Аграрлық азық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепованың айтуынша, ішкі нарықта бидай немесе ұн тапшылығы жоқ. Бірақ әлемдік нарықта Ресей тарапынан салынған шектеуге байланысты бидай мен ұнға деген сұраныс артып отыр.

Осыған байланысты әлемдік нарықта бидай бағасы бірнеше есеге өскен.

"Соған қарамастан біз ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында кез келген өңірдің өзінің физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес, сол халықты қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорларынан кепілді түрде қажетті көлемдегі ұнды сатып аламыз. Қазіргі кезде жалпы Қазақстан бойынша 120 мың тоннаға жуық ұн бар. Соның 30 мыңға жуығы – тұрақтандыру қорларында", – деді ол.

Ол тұрақтандыру қорларының негізгі міндеті бағаны тұрақтандыру екенін атап өтті.

"Яғни нарықта, мейлі ол ішкі нарық болсын, әлемдік нарық болсын, бидай мен ұн бағасы өссе, аталған тұрақтандыру қорларында сақтаулы тұрған ұн ішкі нарыққа арзан бағамен сатылады", - деп түсіндірді департамент директоры.

Бұдан бөлек, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының резервінде 800 мың тоннаға жуық астық сақталған. Оның 500 мың тоннасы – резервтік қор.

"Сондықтан әлемдік нарықта бидай немесе ұн бағасының өсуі ішкі нарықта тікелей ұнның немесе нанның қымбаттауына әсерін тигізеді деу – бұл қате пікір", –  деді Хатепова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр