Қазақстанда намазханалар мен діни іс-шаралар өтетін орындарға қойылатын талаптар өзгерді
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі Жаңа нұсқаулық қабылданды.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Ермекбаевтің 2013 жылғы 9 маусымдағы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 89 бұйрығы 2017 жылғы 3 тамызда Әділет министрлігінде ресми мемлекеттік тіркеуден өтті, деп хабарлайды Вnews.kz.
Осы Стационарлық үй-жайлардың және діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау туралы Нұсқаулықта бірқатар жаңалықтар мен өзгерістер бар.
Нұсқаулықтың қабылдануымен ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың (намазхана) ашылуына қатысты талаптар күшейтілді.
Сонымен қатар, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларда (намазхана) діни парыздарын орындаушыларға лайықты қызмет көрсетілуіне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, үй-жайдың (намазхананың) жалпы ауданы 20 шаршы метрден бастап 100 шаршы метрге дейін болуы, дәрет алу үшін қажетті санитарлық тораппен қамтамасыз етілуі, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саладағы нормативтік құқықтық актілерге сай келуі және күзетті басқару пультына тікелей шығатын, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайды толық қамтитын бейнекамералармен жабдықталуы секілді талаптар енгізілді.
Жоғарыда аталған талаптарға жауап бере алмаған жағдайда үй-жайлар (намазхана) ашуға жол берілмейді және мүны жергілікті атқарушы органдар өздерінің қатаң бақылауында ұстайтын болады.
Сондай ақ, темір жол және автовокзалдар, әуежайлар мен порттарда діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуына қатысты талап етілетін 300 метр алынып тасталды. Бұл шара да сапарда жүрген азаматтардың өздерінің діни құлшылықтарын орындауларына ыңғайлы жағдай жасаудан туындады.
Жалпы алғанда, жаңадан қабылданған нұсқаулық азаматтардың заңда көрсетілген құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталып қабылданғанын атап көрсетуге болады.
Тағы да оқыңыз:
Қалыңдық көйлегін киіп алған бір топ жігіттер жұрттың ашуын келтірді (видео)
Қызылордада полицейлер “телефон ұрладың” деп оқушыны алып кетіп, іздеп барған әпкесін қамап тастаған