Қазақстанда мұнай мен алтын қоры қанша жылға жететіні айтылды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Қазақстанға мұнай, алтын және өзге де пайдалы қазбалар қоры қанша жылға жететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистер өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілінен, ресурстар сарқылғаннан кейін Қазақстан қандай шаралар қабылдайтыны сұрады.
Бұл сауалға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев жауап берді.
Қазақстандықтар 2025 жылы Ұлттық банктен қанша алтын сатып алғаны белгілі болды
"Мұнай өндіретін ел болсақ та, тапшылық көріп отырмыз": Тоқаев елдегі өткір мәселені қозғады
“Шыны керек, “қанша жылға жетеді?” деп сұрау дұрыс емес. Өйткені қандай жағдай болмасын барлау жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Қорлар толықтырылып, пайдалы қазбалардың қорын арттыру үшін жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жұмыстары атқарылады”, – деді Қанат Ерубаев.
Өнеркәсіп министрлігінің өкілі елде шамамен қандай қор бар екенін және қазіргі өндіріс көлеміне сай олардың қанша жылға жететінін айтты.
“Шамамен айтсақ, мемлекет есебінде тұрған пайдалы қазбалар қорының ішінде 4 миллиард тоннадан астам мұнай бар. Қазіргі өндіру көлемін ескерсек, бұл қор шамамен 50 жылға жетеді. Ал алтын қоры мемлекеттік есеп бойынша, 2,3 мың тонна шамасында. Қазіргі өндіріс қарқынымен бұл қор бізге шамамен 37 жылға жетеді”, – деді Қанат Ерубаев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тағы бір өңірінде мұнай барлау жұмыстары басталатыны туралы жазған едік.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды