AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұнай-газ химиясы өндірісінде жаңа өнім түрлері шығарылады

Қазақстанда мұнай-газ химиясы өндірістерін құру туралы сонау 2004 жылы сөз қозғалды. Мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.

2007 жылы полипропилен және полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы жобасының техника-экономикалық негіздемесі әзірленді. Газ-химия жобаларын іске асыру және газ-химия кластерін құру үшін "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС (KPI) құрылды. Ол "Самұрық-Қазына" АҚ құрылымына енді. 2015 жылы KPI жобасының операторы Қытай ұлттық химия-инжинирингтік компаниясымен ЕРС-келісімшартқа (толық аяқталған объект құрылысы) қол қойды. Бұл кешенді іске асыру 2017 жылы басталды.

Бүгінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ тікелей қатысуымен полипропилен өндіру зауытының алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстары 90% аяқталды. Жобаны іске асыруға 3,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 586 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың тонна полипропилен. Бастапқы кезеңде полипропиленнің 11 маркасын шығару жоспарланып отыр, перспективада ассортимент қатары 65 маркаға дейін ұлғайтылады. Полипропилен өндіретін зауыттың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. 2022 жылдың басында іске қосу-жөндеу жұмыстарын бастамақ.

Полипропилен өндіру үшін шикізат ретінде Теңіз кен орнынан алынған пропан пайдаланылатын болады, оны жеткізу туралы шартқа "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Тенгзишевройл" ЖШС арасында 2021 жылғы қыркүйекте қол қойылды.

Газ-химия кешенін дамытудың екінші кезеңі шеңберінде қуаты жылына 1,250 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасын іске асыру көзделген. Бұл жобаның құны – шамамен 7,6 млрд $. Мұндай жобаны іске асыру үшін жеткілікті тәжірибесі бар инвесторды тарту қажет. Мұнай-химия өнімдерін өндіру қауіптілігі жоғары дәрежедегі өндірістер кластарына жатқызылғанын ескере отырып, өндірістің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігінің барлық дәрежесін қамтамасыз етуге қабілетті әріптесті тарту қажет. Әлемдік мұнай-химия нарығы өте тар нарық. Негізінен АҚШ, Еуропа, Қытай және Ресейдің ірі өндірушілері өнім ұсынады. Бірнеше жыл бойы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ полиэтиленнің әлемдік ірі өндірушілерімен келіссөздер жүргізді. Келіссөз қорытындысы бойынша, қазанда болған XIV KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "Сибур Холдинг" ЖАҚ арасында мұнай-газ-химия жобалары бойынша ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімге қол қойылды.

"СИБУР Холдинг" ЖАҚ Ресейдің ірі мұнай-химия холдингі болып табылады. Ол полиэтиленді әлемдік өндірушілердің ТОП-10 құрамына кіреді. Бұл қазақстандық мұнай-химия жобасын іске асыру перспективасына әлемдік деңгейдегі өндіруші сенім білдіргенін көрсетеді.

Тараптар Атырау қаласындағы ықпалдастырылған газ-химия кешені базасында полиэтилен өндіру зауытын салу және қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру зауытын салу жобасын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық шарттарын айқындады. Бірлескен жобаға "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның қатысу үлесі – 60%, "СИБУР Холдинг" ЖАҚ-тың қатысу үлесі – 40%. Полиэтилен өндіру зауытының құрылысын 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланды.

Мұнай-химия жобаларын іске асырумен және оларды пайдаланумен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ айналысатын болады. Бұдан басқа, Қазақстанның мұнай-химия саласын дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленіп жатыр. 

Одан Қазақстанға қандай пайда?

1. ҚР ЖІӨ-ге жыл сайынғы салым – 1,2%-ға дейін;

2. Шетелдік инвестицияларды тарту – $6,2 млрд;

3. Ел бюджетіне салық түсімдері – $5,5 млрд;

4. Жұмыс орындарын құру, пайдалану кезеңінде – 875 жұмыс орны, құрылыс кезеңінде – шамамен 8 000 жұмыс орны ашылады;

5. Этиленнің пиролизі мен полимерленуінің алдыңғы қатарлы шетелдік технологияларын трансферттеу;

6. Жыл сайынғы кірісі жоғары ($2 млрд), экспортқа бағдарланған өнімі бар өңірдегі ең ірі мұнай-химия жобасын іске асыру.

Қазақстанда газ-химия кластерін құру әдеттегідей лента қиюмен басталып, кейін арты сұйылып кететін кезекті салтанатты шара болмайды деп сенімді айта аламыз. Ол ел нарығында да, шет елдерде де сұранысқа ие жаңа өнім түрлерін шығарады.

Автор: Ерлан Жаукин

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр