Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мерзімінен бұрын босатылатын науқас сотталғандар саны ұлғайтылмақ

Сотталған адамның қолыФото: shutterstock.com

Денсаулық сақтау министрлігі дерті асқынған жазасын өтеушілерді түрмеден босатуға мүмкіндік беретін аурулар тізімін кеңейтпек. Тізімге созылмалы бүйрек ауруының сатылары мен бауыр циррозының кеңейтілген түрлері, ауыр дәрежедегі гормондарға тәуелді өкпе аурулары енгізіліп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, мұндағы басты мақсат – денсаулығы нашар сотталғандар арасындағы өлім-жітім көрсеткішін төмендету. Сондықтан түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын шығаруға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу тәртібін өзгертпек. Әрі босатуға негіз болатын аурулар тізбесі қайта қаралып, нақтыланғалы жатыр.

"Бұл өзгерістер ауыр науқас сотталғандардың жазадан босату мәселесін қарау үшін, яғни арнайы медициналық комиссияға жолдауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл соңғы сотталған адамның аурулары тізбесіне сәйкес, жазадан босату мәселесін, босатылу туралы соңғы шешімін тек қана сот қабылдайды", – дейді Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас сарапшысы Еркін Боранқұлов.

Айта кетейік, бұйрық 5 қыркүйекке дейін жария талқылауда болады.

Аида Тақабаева
Жұма, 22 Тамыз, 2025 09:48
Талқылау