Қазақстанда мемлекеттік тіл саясаты бағдарламасының кейбір міндеттері орындалмаған
Қазақстанда мемлекеттік тіл саясаты бағдарламасының кейбір міндеттері орындалмаған деп жазылған тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Кейбір міндеттердің орындалмауы мемлекет басшысының әліпбиді жетілдіру, жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау туралы (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295) тапсырмаларына сәйкес латын графикасына негізделген әліпби жобасының және қазақ тілінің емле ережесі жобасының тиісті нормативтік құқықтық актімен бекітілгеннен кейін қайта қаралуына және 2022-2024 жылдарға арналған Республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесінің қолдау таппауына байланысты", - делінген жоба тұжырымдамасында.
Жобада атап өтілгендей, бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі тілдерді қолдану мен дамыту болып саналады.
"Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік мәртебе берілген тіл және титулды ұлттың тілі ретінде айрықша құндылық болып саналады. Ол – Қазақстанда тұратын барлық этностарды тұтастырушы фактор және елдің барлық рухани қазынасының қайнар көзі. Сондықтан қазақ тілін меңгеру, осы тілде сөйлеу және қызмет ету барлық азаматтардың бірін-бірі еркін түсінуіне, отаншылдық сезімнің қалыптасуына, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауына алғышарттар қалыптастырады", - дейді құжат авторлары.
Олардың сөздерінше, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындам емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру көзделген.
- Тоқаев латын әліпбиіне көшу жайлы: “Yrymsyl” сөзі - бұл қазақ тілі ме?
- "Қазақ" деп аталатын кілемдеріміз 800 миллион долларға дейін экспортталады: Ауғанстандағы қазақ кәсіпкері атажұртында қызмет еткісі келеді
- "Ана тілге сұраныс артты": Ресейдің Омбы қаласында қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылады
"Мемлекет басшысы нақты шаралар негізінде қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейтуге және еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік бағдарлама этникалық топтардың да тілі мен мәдениетін дамытуға, оның ішінде ел азаматтарының лингвистикалық капиталын арттыруға қолайлы жағдай жасауға негіз болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама 3 бағыттан, 4 индикатордан және 17 нәтижелі көрсеткіштен тұрады. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары – латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту", - деп қосты әзірлеушілер.
Құжатта ағымдағы мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторлары берілген.
"Латынграфикалы әліпбиді пайдаланатын жазба коммуникацияға қатысушылар үлесі (2023 ж. - 20 %, 2024 ж. - 30 %, 2025 ж. - 50 %). 2020-2022 жылдары осы нысаналы индикатордың "1.1.Латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін ортологиялық кодтау" 1-міндетінің "Латынграфикалы әліпби негізінде басып шығарылған сөздік, анықтамалық пен қолжазбалардың саны" нәтижелі көрсеткіші ішінара орындалды. Себебі 2020 жылы аталған нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу үшін көзделген 7 іс-шараның 6-ы – орындалды, 1-уі – ішінара орындалды, 2021 жылы 6 іс-шараның 3-уі – орындалды, 3-і – орындалмады, 2022 жылы 4 іс-шараның 1-і – орындалды, 3-уі – орындалмады", - деп түсіндіреді авторлар.
Олардың айтуынша, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі 2020 жылы – 26 пайыз, 2021 жылы – 27 пайыз, 2022 жылы – 28 пайыз болуы тиіс еді.
"Қазақстан Республикасының тіл саясаты бойынша жүргізілген социологиялық-сараптамалық зерттеу нәтижелері бойынша "Үш тілді меңгерген халықтың пайызы" нысаналы индикаторы орындалды. Жылдық көрсеткіштерге қол жеткізілді", - делінген құжатта.