Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік шығыстарды қайта қарау есебінен кейін 79 миллиард теңге үнемделді

Қаржы мониторингі агенттігі 34 жобадан 79 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделгенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Мәліметтерге сенсек, Қарағанды облысында "Қарағанды Су" кәсіпорны "Негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту" жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу сатысында 5 түрлі құбырдың құнын артық жобалағаны белгілі болды. 

"Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша, жобаның мәлімделген сметалық құны 23 миллиард теңгеден 16,8 миллиард теңгеге дейін қысқартылды. Осылайша 6,1 миллиард теңге үнемделді. Бұл секілді "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын талдау барысында өндіруші немесе олардың дистрибьюторлары ретінде саналмайтын жеткізушілердің ұсыныстары негізінде интерактивті сенсорлық панельдің құнын арттыру фактісі анықталды", – делінген агенттік хабарламасында.

Бұдан бөлек агенттік жеткізушілердің артық баға ұсынғанын анықтап, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты мен өзара іс-қимыл жүзеге асырылды. Панельдердің бағасын нарықтық деңгейге дейін түсіргендерден 14 миллиард теңге қысқартылды.  



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қазан айында Ұлттық қорға 256 миллиард теңге түсіп, одан 641 миллиард теңге игерілгенін жаздық. Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Ұлттық қордың көлемі бір айда 31,37 триллион теңгеден 30,9 триллион теңгеге, яғни 385 миллиард теңгеге немесе 1,3% қысқарды.

Талқылау