Қарағанды облысының әкімі бұған дейін сыйақы және бонустарсыз жұмыс істегенін айтты
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев президенттің сөгісіне қатысты пікір білдіріп, бұған дейін бірде-бір рет сыйақы алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Тілшіміз орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында әкімнен президент жариялаған сөгіс жайлы сұраған еді. Сондай-ақ сөгіске байланысты қандай да бір сыйақыдан қағылуы мүмкін екенін білген.
“Қазір үлкен жұмыстар (жылу мәселесіне қатысты – ред.) жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп сенеміз. Қолдан келген жұмыстың барлығын істеп жатырмыз”, – деді ол.
Сондай-ақ әкім аймақты басқарған 2 жылдың ішінде мүлде сыйақы мен бонустар алмағанын атап өтті.
“Бұған дейін ешқандай сыйақы алмағанмын”, – деп қосты ол.
Еске салайық, 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берген еді. Бұған жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны себеп болған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма